Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
16-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы  атқарушы органы



Ст. 16 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы



1. Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы жасырын дауыс беру арқылы сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) көпшiлiк даусымен төрт жыл мерзiмге сайланады.

2. Сауда-өнеркәсiп палатасының алқалы атқарушы органы:

1) кәсiпкерлердiң мемлекеттiк органдармен тиiмдi өзара iс-қимылын ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi;

2) сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады;

3) сауда-өнеркәсiп палатасының мүшелiгiне қабылдайды;

4) экономиканың әртүрлi салаларында кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

5) жарғыда және сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) айқындалған тәртiппен сауда-өнеркәсiп палатасының мүлкiне иелiк етедi;

6) бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептiлiктi жүргiзудi, алғашқы статистикалық деректердi қалыптастыруды және iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастырады;

7) сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерi жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелерден басқа, сауда-өнеркәсiп палатасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.

Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 16-бап Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы