Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
18-2-бап. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру  мерзiмi және оны беруден бас тарту



Ст. 18-2 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы



1. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе оны беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелдi шешiмдi беру мерзiмi өтiнiш аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасында тiркелген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен, ал кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген жағдайларда екi жұмыс күнiнен аспауға тиiс.

2. Тауардың шығарылуы туралы сертификатты беруден:

1) тауардың шығарылуы туралы сараптаманың тиiсiнше ресiмделмеген актiсi табыс етiлген және (немесе)

2) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен тiзбе бойынша тауардың шығарылуын растайтын құжаттар табыс етiлмеген жағдайларда бас тартылуға тиiс.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген жағдайда аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген, Қазақстан Республикасында толық өндiрiлген тауарлар бойынша тауардың шығарылуы туралы сертификат беруден бас тартуға тиiс.

 Ескерту. 5-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.11. N 184-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...18 18-1 18-2 19 20 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 18-2-бап Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы