Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы
6-бап. Сауда-өнеркәсiп палатасын құрудың ерекшелiктерi



Ст. 6 Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы



1. Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы кемiнде он бес құрылтайшының бастамасы бойынша құрылады.

2. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында бiр аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы құрылуы және жұмыс iстеуi мүмкiн.

Аумақтық сауда-өнеркәсiп палатасы өзi құрылған және жұмыс iстеп жатқан облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында құрылымдық бөлiмшелер (филиалдар мен өкiлдiктер) құруға құқылы.

3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсiп палатасын құру, жарғысын қабылдау, басқару органдарын және олардың басшыларын бекiту туралы шешiмдер аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталары мүшелерiнiң Республикалық конференциясында (жиналысында) аумақтық сауда-өнеркәсiп палаталарынан сайланған делегаттар жалпы санының кемiнде үштен екiсi болған кезде қабылданады.

4. Сауда-өнеркәсiп палатасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) қабылдаған жарғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн ережелерi көзделген құрылтай шарты сауда-өнеркәсiп палатасының құрылтай құжаттары болып табылады.

5. Сауда-өнеркәсiп палатасын мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы