Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

1) авариялық жағдай – кеменің апатқа ұшырауына әкеп соққан және оның теңізде жүзу қасиеттерінен ішінара немесе толық айырылуына (жоғалтуына) алып келген, кеменің басқа кемені (кемелерді), навигациялық жабдық құралдарын, жағалау құрылысжайын зақымдауына, кеменің сүйретіп жүзу объектісін жоғалтуына немесе зақымдауына, адамның қаза болуына немесе денсаулығына зиян келуіне, кемеден адамның жоғалуына, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келуіне алып келген, кемемен болған оқиға; 

1-1) авариялық жарна – жалпы авария жағдайында шығыстардың орнын толтыру үшiн жалпы авариялық шығыстардағы тасымалдаушының үлесiн төлеудi қамтамасыз ету ретiнде алушы оған жүкті берген кезде енгiзуге мiндеттi болатын ақша сомасы; 

2) алушы - жүктi теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкiлеттi тұлға; 

3) арнаулы персонал - экипаж мүшесi болып табылмайтын, кеменiң мақсатына байланысты бортта үнемi болатын адам (теңiздiң тiрi ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлерi, жұмысшылар және басқалар); 

4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi жалдаушының иеленуiне және пайдалануына кемемен жалданушы келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенетiн жалға кеме беру (алу) шартының түрі; 

5) дағдылы маршрут - теңiз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретiн маршрут; 

6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшiн төленетiн ақы; 

7) диспач - кеменi жалдаушыға кемеге жүк тиеудi сталиялық уақыт бiткенге дейiн аяқтағаны үшiн төленетiн сыйақы; 

8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеуді және оларды жалпы теңiз кәсiпорнына қатысушы тараптар арасында бөлуді қамтитын, диспашер жасайтын құжат; 

9) диспашерлер - теңiз құқығы саласында бiлiмi мен тәжiрибесi, бар, диспашаны анықтау жөнiнде есеп жасайтын тұлғалар; 

10) есеп айырысу бiрлiгi - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгiлейтiн бiрлiгi; 

11) жалдау ақысы - жүктi тасымалдағаны үшiн алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берiлетiн сыйақы; 

12) жалпы теңiз кәсiпорны - мүлiк (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебiнен өтелуге тиiс; 

13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген, не тасымалдаушының келiсiмiмен теңiз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлiк құралдарын, жануарларды және өзге де жүктi iлесе алып жүрудi жүзеге асыратын тұлға; 

14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екiден астам жолаушы тасымалдайтын кеме; 

15) жолаушылық куәлiк - жолаушылардың кемеге алуға жол берiлетiн ең көп саны туралы мәлiметтер бар кеме құжаты; 

16) жөнелтушi - теңiз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға; 

17) жүзбелi бұрғылау қондырғысы - теңiз түбiндегi жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндiру жөнiндегi бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелi құрылыс); 

18) жүк таситын кеме – жолаушы кемесі болып табылмайтын, жүктерді тасымалдауға арналған кеме; 

19) инцидент - нәтижесiнде зиян келтiрген немесе сондай зиян келтiрудiң елеулi және тiкелей қаупi төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгiлi дәрежеде ұқсас бiрқатар оқиғалар; 

20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсiру портына (пунктiне) дейiн тасымалдау мен сүйретiп жүзу; 

21) каюталық багаж - жолаушының белгiленген мөлшер мен көлем шегiнде өзiмен бiрге алып жүретiн, жинақы буып-түйiлген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркiн орналастырылатын заттары; 

21-1) кәсіби диплом – кеме экипажы мүшесіне берілген және оның біліктілігін растайтын диплом; 

22) кеме - сауда мақсатында теңiзде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздiгiнен жүретiн немесе өздiгiнен жүрмейтiн жүзбелi құрылыс; 

23) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

24) кеме иесі – кеменiң меншiк иесі болып табылатынына немесе оны өзге де заңды негiзде пайдалануына қарамастан өз атынан кемені пайдаланатын тұлға; 

25) кеме ипотекасы - мемлекеттiк тiркелуге жататын теңiз кемесiнiң, ішкі суда жүзетiн кеменiң, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң, сондай-ақ жасалып жатқан кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы; 

25-1) Кеме қатынасының тіркелімі – кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; 

26) кемелердi лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелердi алып өту; 

27) кемемен жалданушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме беретiн тарабы; 

28) кеменi жалдаушы - кеменi жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау немесе сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге кеме немесе бiрнеше кеме берiлетiн тарабы; 

29) кеменiң меншiк иесi - Кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға; 

30) кеменiң сыйымдылығы – кеменің текше метрмен не текше футпен есептелетін, оның жүк үй-жайларының көлеміне қарай тасымалдауға жүк мөлшерін қабылдай алатын мүмкіндігі; 

31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат; 

32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиелiп тұратын уақыт кезеңi; 

33) қауiптi жүк - өзiне тән қасиеттерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуiне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтiруге себеп болуы мүмкiн жүк; 

34) лоцман - кеменi арқанға байлайтын, зәкiрге қоятын және портта кемелердiң орнын ауыстыратын жерге қауiпсiз жеткiзу саласында белгiлi бiр бiлiмi мен дағдылары бар маман; 

35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметi; 

36) мұнай құйылатын кеме – мұнайды және мұнай өнiмдерiн тасымалдау және сақтау үшін жасалған немесе бейімделген жүк кемесі; 

37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүктi немесе оның бiр бөлiгiн тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы; 

38) өткiзу коносаментi - тасымалдаушы жөнелтушiге беретiн және жүктiң тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бiр бөлiгiн басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиiс екендiгi көзделедi; 

39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңiз жағындағы eң алыс нүктесi арқылы өтетiн сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес белгiленетiн Қазақстан Республикасының iшкi сулары; 

39-1) порт құралдары – халықаралық рейстер жасайтын кемеге қызмет көрсететін теңіз терминалдары, сондай-ақ тоқтап тұру аудандарын, күту орындарын, теңіз портына кіреберістерді қоса алғанда, теңіз портының акваториясы; 

40) портта сүйрету - порт айдынында, соның iшiнде кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi портқа кiргiзу не оны порттан шығару үшiн сүйрету және маневрлердi орындау; 

41) сауда мақсатында теңiзде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүктi кемемен тасымалдау жөнiндегi қызмет, сондай-ақ өздерiне жүктелген міндеттерді орындау үшiн пайдаланылатын әскери кемелердi және шекара корабльдерін, катерлерін қоспағанда, кемелердi өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет; 

42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсiз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңi; 

43) суббербоут-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасуға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кеменi немесе бiрнеше кеменi келiсiлген ақы (жалдау ақысын) алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге иелену және пайдалану үшiн беруге мiндеттенедi; 

44) субтайм-чартер - кеменi жалдау шарты, ол бойынша кеменi жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдауға және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кеменi немесе бiрнеше кеменi сыйақы алып, үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр мерзiмге беруге мiндеттенедi; 

44-1) суға батқан мүлікті аластау – суға батқан мүлікті шығарып алуды не оны қайраңнан алуды немесе белгіленген теңіз дәліздерінің шегінен тысқары жерге ығыстыруды не оны жоюды қоса алғанда, суға батқан мүлік тудыратын қауіпті болғызбауға, азайтуға немесе жоюға бағытталған іс-қимылдар, сондай-ақ қажет болған кезде көрсетілген іс-қимылдардың жиынтығы. Суға батқан мүлікті аластау суға батқан мүлікті тасымалдау және сақтау жөніндегі ілеспе жұмыстарды да қамтиды; 

45) сүйреткiш кеме - басқа кемелердi және жүзбелi құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтiруге арналған кеме; 

46) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV№ 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келiсiлген ақыға (жалдау ақысы) кеменi жалдаушыға кеменi және кеме экипажы мүшелерiнiң көрсететiн қызметтерiн жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау және сауда мақсатында теңiзде жүзудiң өзге де мақсаттары үшiн белгiлi бiр мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн уақытқа кеменi жалдау шарты; 

48) тасымалдау қағидалары - жолаушыларды, багажды, жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде теңiз көлiгiнiң қызметiн реттейтiн, уәкілетті орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер; 

49) тасымалдаушы – жолаушыларды, багажды, почта жөнелтілімдері мен жүктердi тасымалдау жөнiндегі қызметті көрсететiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген кеме иесі; 

50) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

51) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

52) теңiз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар; 

53) теңiз жүкқұжаты - жүктердi теңiз көлiгiмен тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымал құжаты; 

53-1) теңіз оқу-тренажер орталығы – теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды халықаралық талаптарға сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға; 

54) теңiз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерiнде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңiз көлiгi қызметiнiң өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешенi; 

55) теңiз талабы - кемелердi сауда мақсатында теңiзде жүзудi көздеп пайдалануға байланысты мәлiмделетiн талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер); 

56) теңiз терминалы - жүктердi тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлiгiнiң түрiмен сабақтас көлiк құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсiруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергiш-көлiктiк және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңiз портындағы мамандандырылған учаске; 

57) теңiз терминалының операторы - теңiз портындағы терминалға меншiк немесе өзге де заңды негiздерде құқығы бар тұлға; 

57-1) теңiзде сүйрету – кеменi немесе өзге де жүзбелi объектiнi белгiлi бiр қашықтыққа сүйрету; 

57-2) теңiздегi наразылық – кеме жүзiп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелердi қамтамасыз ету мақсатында кеме иесiне мүлiктiк талаптар қоюға негiздеме бола алатын мәлiмдемесi; 

58) уәкiлеттi орган – сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

58-1) Ұлттық теңіз тасымалдаушысы - жолаушыларды, багажды, почта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста теңізде тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін және уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға; 

59) чартер - теңiз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүктi тасымалдау шартының бiр түрi, бұл жағдайда жөнелтушiге бүкiл кеме, оның бiр бөлiгi немесе кеменiң белгiлi бiр жайы берiледi; 

59-1) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластанудан және қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерден басқа, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға рұқсат етілген адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме; 

60) шетелдік сыныптау қоғамы – кемелердi техникалық байқауды, куәландыруды және сыныптауды, сондай-ақ теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын, теңіз оқу-тренажер орталықтарын куәландыруды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалған тәртiппен уәкілетті орган таныған шетелдік ұйым. 

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.29 № 209, 2010.03.19 № 258-IV, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.01.2015 № 276-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 2‑1 ...248

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться