Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауар биржалары туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 1 Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV



 

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) атаулы мәміле – биржалық тауардың сатып алушысы мен сатушысының алдын ала екіжақты уағдаластығы бойынша жасалған биржалық мәміле;

1-1) биржалық брокер (бұдан әрi – брокер) – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган беретiн лицензия негiзiнде тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын, акционерлiк қоғамның немесе жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын заңды тұлға;

2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;

2-1) биржалық қамтамасыз ету – жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына биржалық саудаға қатысушылардың қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылымы;

 3) биржалық сауда – тауар биржасында биржалық сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;

4) биржалық сауда қағидалары – биржалық сауданың үлгi қағидалары негiзiнде әзiрленген, әрбiр тауар биржасы үшiн биржалық сауда жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн құжат;

 5) биржалық сауда-саттық – биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;

6) биржалық саудаға қатысушылар - биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер;

7) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісімшарт;

8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;

9) бұйрық - нақты биржалық тауарларға қатысты тауар биржасында белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, клиент брокерге және (немесе) дилерге ұсынатын құжат;

9-1) кепілдік беру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

9-2) классикалық сауда режимі – бірін-бірі білетін сатып алушылар мен сатушылар арасында биржалық тауардың шарттық бағасы бойынша атаулы мәмілелер жасалатын сауда режимі;

10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің және (немесе) дилердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

11) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

11-1) кросс-мәміле – брокер түрлі екі клиенттің тапсырмасы бойынша іс-әрекет ете отырып не өзі үшін тапсырманы орындай отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;

11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер жасырын түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік деңгейінде белгіленетін сауда режимі;

12) мерзімді келісімшарт – орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;

13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

14) опциондық мәміле – объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;

14-1) сақтандыру қоры – биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;

15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;

16-1) стандартты аукцион режимі – сатып алушы (сатушы) – аукцион бастамашысы үшін ең тиімді баға бойынша төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында биржалық мәмілелер жасалатын сауда режимі;

17) тауар биржасының мүшесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокер және (немесе) дилер;

18) тауар биржасының сауда жүйесi – тауар биржасының материалдық-техникалық құралдары, электрондық сауда жүйесі, iшкi құжаттары және өзге де қажеттi активтер мен рәсiмдер кешенi, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмiлелер жасай отырып, сауда-саттық соларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;

 19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi – биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;

20) фьючерстiк мәмiле – объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;

 21) алып тасталды - ҚР 27.10.2015 № 364-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

 Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 10.07.2012 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV