Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тауар биржалары туралы
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 4 Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV



 Уәкілетті орган:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

2-1) биржа саудасының үлгілік қағидаларын бекітеді;

2-2) тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3-1) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;

3-3) тауар биржалары есептілігінің күнделікті электрондық нысандарын, оларды ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

3-4) кепілді және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын, олардың мөлшерін әзірлейді және бекітеді;

3-5) тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;

3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) тауар биржаларының қызметін талдауды және оған мониторингті жүргізеді;

6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;

7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;

8) алынып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV Заңымен.

9) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 4-1 4-2 ...31 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Тауар биржалары туралы 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV