Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi



Ст. 11 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456



1. Сараптама жасау ұйымы өтiнiмдер сараптамасын кезең-кезеңмен жүргiзедi: 

1) алдын ала сараптама – өтiнiм келіп түскен күннен бастап бір ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi. Сараптама нәтижелері бойынша өтінім берушіге он жұмыс күні ішінде өтінімнің қарауға қабылданғаны немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі; 

2) толық сараптама - өтiнiм берiлген күннен бастап тоғыз ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында мәлiмделген белгiнiң осы Заңның 6 және 7-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi; 

3) тауар белгісіне арналған өтінімге сараптама қосымша төлем төленген кезде өтінім берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзімдерден бұрын, бірақ өтінім берілген күннен бастап алты айдан кейін жүргізіледі. 

2. Сараптама жасау ұйымы сараптаманың кез келген кезеңiнде қосымша материалдар сұратуға құқылы, олар өтiнiм иесiне сұрау салу жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде табыс етiлуге тиiс.

Өтiнiм берушi қосымша материалдарды не көрсетiлген мерзiмдi ұзарту туралы өтiніштi белгiленген мерзiмде табыс етпеген жағдайда iс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарылып алынған болып есептеледi.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 586, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456