Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41-2 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
41-2-бап. Қарсылықты қарау

1. Қарсылықты қарауды апелляциялық кеңес уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және осы Заңда көзделген мерзімдерде жүзеге асырады.  

2. Қарсылық беруге арналған мерзім өткізіп алынған кезде апелляциялық кеңес ұсынылған құжаттардың негізінде мерзімді өткізіп алу себептері дәлелді деп танылған жағдайда, оны қарауға қабылдай алады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Қарсылықты қарау мерзімі өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты бойынша үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Апелляциялық кеңес: 

1) қарсылықты мәлімдеуші қарсылықты өзінің қатысуынсыз қарау туралы өтінішхат берген жағдайды қоспағанда, өзі келмеген; 

2) өтініш беруші қосымша дәлелдемелерді ұсыну үшін уақыттың қажеттігі туралы өтінішхат берген жағдайда, отырыс өткізілетін күнді ауыстыруға құқылы. 

5. Апелляциялық кеңес мынадай шешімдердің бірін шығарады: 

1) қарсылықты қанағаттандыру туралы; 

2) қарсылықты iшiнара қанағаттандыру туралы; 

3) қарсылықты қараудан бас тарту туралы; 

4) қарсылықты қанағаттандырудан бас тарту туралы. 

Апелляциялық кеңес қарсылықтың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.  

6. Апелляциялық кеңестiң барлық мүшелері қарсылықты қараған кезде тең құқықтарды пайдаланады. Апелляциялық кеңестің шешімі оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.  

7. Қабылданған шешім шығарылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарсылықты мәлімдеушіге жіберіледі.  

8. Апелляциялық кеңес қарсылықты мәлімдеушінің өтінішхаты бойынша қарсылықты қараусыз қалдыра алады. Қарсылықты қараусыз қалдыру туралы шешім апелляциялық кеңес отырысының хаттамасымен ресімделеді. 

9. Қабылданған шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін. 

Ескерту. Заң 41-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...41 41‑1 41‑2 41‑3 41‑4 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться