Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы

Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы
44-бап. Тауар таңбасы иелерiнiң құқығын немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын бұзған тұлғалардың мiндеттерi



Ст. 44 Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456



Тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жер атауын не араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi заңсыз пайдаланған тұлға: 

1) жолсыздықты тоқтатуға және тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы иесiне ол шеккен залалдың орнын толтыруға; 

2) құқық иеленушінің өзі салған тауар белгісі бар түпнұсқа тауарларды қоспағанда, заңсыз пайдаланылатын тауар белгісі, тауар шығарылған жердің атауы немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме орналастырылған тауарды, тауар қаптамасын жоюға мiндеттi. Осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болған жағдайларда тауардан және оның қаптамасынан заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің бейнесін, тауар шығарылған жердің атауын немесе олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені жоюға;

3) жұмыстар орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені алып тастауға міндетті.

 Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 365-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
13-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 44-бап Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456