Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Трансферттiк баға белгiлеу туралы

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
18-бап. Нарықтық бағаны айқындау үшін пайдаланылатын ақпарат көздері



Ст. 18 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV



1. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) нарықтық бағасын және нарықтық бағаны айқындау әдістерін қолдану үшін қажетті өзге де деректерді айқындау үшін ақпарат көздері мынадай кезектілікпен пайдаланылады:

1) нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздері;

2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;

3) мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының және ұйымдардың мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқуына ықпал ететін бағалар, дифференциал, шығыстар және жағдайлар туралы деректері;

4) трансферттік баға белгілеу мақсатында пайдаланылатын ақпараттық бағдарламалар, мәмілеге қатысушылар беретін ақпарат және өзге де ақпарат көздері.

2. Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Нарықтық бағалар ауқымын айқындау үшін ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесінде нарықтық бағалар туралы бір немесе одан да көп ақпарат көздері болуға тиіс.

3. Қатысушысы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген мәміле бойынша нарықтық бағаны айқындау кезінде осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған ақпарат көздері ғана пайдаланылады.

Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV