Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Трансферттiк баға белгiлеу туралы

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру



Ст. 3 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV



1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай:

1) халықаралық іскер операциялармен жүзеге асырылады.

Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін:

тауарлар экспорты – кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;

тауарлар импорты – кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу;

2) Қазақстан Республикасының аумағында:

тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;

салықтар бойынша жеңілдіктері бар тараптардың бірімен;

мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен тараптардың бірімен жасалатын халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

2. Бақылау уәкілетті органдардың:

1) мәмілелер мониторингін;

2) тексерулер;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.

3. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібін уәкілетті органдар айқындайды.

Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 4 5 ...20 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV