Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері

Ст. 4 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Уәкілетті органдар бақылауды жүзеге асыру мақсатында: 

1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелер мониторингін жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға; 

2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

3) мәмілелер мониторингін жүзеге асыруға; 

4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға; 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақты 7) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

7) тармақшаның осы редакциясы 01.01.2016 бастап 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен.

7) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда, халықаралық топқа қатысушыға есепті қаржы жылы үшін еларалық есептілікті уәкілетті органға ұсыну туралы талапты жіберуге құқылы. 

2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

3. Уәкілетті органдар: 

1) осы Заңның ережелері қолданылатын мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтарын сақтауға; 

2) мемлекет мүдделерін қорғауға; 

3) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарауға; 

3-1) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін мәмілеге қатысушыдан өтініш алған күннен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарауға; 

3-2) мәмілеге қатысушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жіберуге; 

4) мәмілелер мониторингі бойынша белгіленген есептілік нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге; 

5) бақылауды жүзеге асыру барысында алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша мәмілеге қатысушылардың шағымдарын қарауға міндетті. 

4. Уәкiлеттi органдар осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктердi орындайды. 

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 5 5‑1 ...20

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV