Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Трансферттiк баға белгiлеу туралы 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Трансферттiк баға белгiлеу туралы
5-бап. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың: 

1) уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге; 

2) уәкілетті органдардан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы бойынша ақпарат пен түсіндірмелер алуға; 

3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге; 

4) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау барысында уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге; 

5) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен тексерулердің актілері бойынша хабарламаларға және уәкілетті органдар лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 

6) тексеруге дейін мәміленің бағасын және (немесе) салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге; 

7) уәкілетті органдармен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісімдер жасасуға құқығы бар. 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігінің осы редакциясы 01.01.2016 бастап 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен.

Бұл ретте халықаралық топқа қатысушының өзінің атынан еларалық есептілікті дайындауға және (немесе) ұсынуға халықаралық топқа басқа қатысушыға уәкілеттік беруге де құқығы бар. 

2. Мәмілеге қатысушылардың және халықаралық топқа қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар. 

3. Мәмілеге қатысушылар: 

1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға; 

2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға; 

3) мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын есептілікті және құжаттаманы жүргізуге; 

4) осы Заңда айқындалған тәртіппен уәкілетті органдарға мәмілелер мониторингі бойынша ақпаратты және есептілікті, сондай-ақ өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті. 

Уәкілетті органдардың сұрау салуы бойынша мәмілеге қатысушы мәміленің қолданылатын бағасының негізділігін растайтын ақпаратты және құжаттарды күнтізбелік тоқсан күн ішінде ұсынады; 

5) тексерулер жүргізу барысында уәкілетті органдардың талап етуі бойынша қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын және дифференциалды растайтын құжаттарды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірін қолдану туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге міндетті. 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақтың осы редакциясы 01.01.2018 бастап 01.01.2019 дейін қолданыста болады - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен.

4. Халықаралық топқа қатысушылар: 

1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға; 

2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға; 

3) осы Заңның 5-1-бабына сәйкес уәкілетті органға халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті ұсынуға; 

4) егер халықаралық топқа қатысушыға еларалық есептілікті ұсыну жөніндегі міндет немесе талап жүктелген болса, осындай есептілікті жүргізуге; 

5) осы Заңның 7-3-бабында белгіленген жағдайларда уәкілетті органға еларалық есептілікті ұсынуға; 

6) осы Заңның ережелеріне сәйкес уәкілетті органның талап етуі бойынша еларалық есептілікті ұсынуға міндетті. 

5. Мәмілеге қатысушылар және халықаралық топқа қатысушылар осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындайды. 

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 25.12.2017 № 122-VI Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...3 4 5 5‑1 6 ...20

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться