Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:

- "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсатқа ие болуға;

- клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;

- сәйкестiктi растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;

- клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;

- жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;

- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

- көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;

- жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;

- арнайы және әскери тасымалдауларды жүзеге асыруға өздерінің құзыреттері шегінде мемлекеттік органдардың талаптарын орындауға (бұл тасымалдауларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеледі);

- Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға;

мүгедектігі бар адамдарға жолаушылар тасымалдарының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету кезінде қажетті қолайлылық пен жағдайлар жасауға міндетті.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-бапты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тасымалдаушының, реттелетiн тарифтер белгіленген жағдайларды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.

Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:

- өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;

- тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;

- келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.

Клиент:

- тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;

- жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;

- тасымалдау ережелерiн орындауға;

- жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс

етуге мiндеттi.

Жолаушы тасымалдау қағидаларында белгіленген уақыттан кешікпей тасымалдау басталғанға дейін жөнелту пунктіне келуге міндетті. Жөнелту пунктіне келу уақыты билетте көрсетіледі.

Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi.

Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.

Қалалық рельсті көлік болған кезде жергілікті атқарушы орган Қалалық рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдау қағидаларын бекітеді.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2003.05.08 № 414, 2006.12.29 № 209; 04.07.2013 № 132-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 12‑1 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться