Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12-2 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
12-2-бап. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты

1. Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты: 

1) аралас тасымал кезінде тартылған аралас тасымалдар операторы мен тасымалдаушылардың құқықтары мен міндеттерін; 

2) аралас тасымалды жүзеге асыру талаптары мен тәртібін; 

3) төлем құны мен тәртібін; 

4) тасымалдаушылардың өзара іс-қимыл жасау және жүкті көлік құралының бір түрінен екінші түріне ауыстырып тиеу тәртібін; 

5) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыру тәртібін; 

6) жеткізу мерзімі мен талаптарын қамтуға тиіс. 

Аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты аралас тасымалды ұйымдастырудың осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарын қамтуы мүмкін. 

2. Аралас тасымалдар операторының: 

1) егер тасымалдаушының көлік құралы өзінің қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетілген жүк параметрлеріне сәйкес келмейтін болса, тасымалдаушыға жүкті аралас тасымалдаудан бас тартуға; 

2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруды қамтамасыз етуге құқығы бар. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушының қосымша шығыстарын аралас тасымалдар операторы өтейді; 

3) тасымалдаушыдан аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауын талап етуге; 

4) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, аралас тасымал кезінде келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқығы бар. 

Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары болады. 

3. Аралас тасымалдар операторы белгіленген мерзімде жүкті тасымалдаушыға беруге міндетті. 

Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де мiндеттері болады. 

4. Аралас тасымал тасымалдаушысының: 

1) өзiнiң қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға; 

2) егер жүктi одан әрi тасымалдау жүктi тасымалдау қауiпсiздiгiне және оның сақталуына қатер төндiрсе, жүктi түсiріп тастауға құқығы бар. 

Аралас тасымал тасымалдаушысының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де құқықтары болады. 

5. Аралас тасымал тасымалдаушысы: 

1) жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiне және қозғалыс барысындағы өз бөлігінде жүктің сақталуына төнген қатер туралы аралас тасымалдар операторын дереу хабардар етуге, бұл ретте аралас тасымалдар операторынан алынған нұсқауларды сақтауға, сондай-ақ жүктердi тасымалдау қауiпсiздiгiн және жүктің сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегі өзi жасаған іс-қимылдар туралы дереу хабардар етуге; 

2) жүктi қабылдау кезiнде бірыңғай тауар-көлiк жүкқұжатындағы (бірыңғай коносаменттегі) жүкке және оның орамасына қатысты жазбалардың дәлдiгiн тексеруге; 

3) көлiк құралына тиеудiң белгiленген нормаларын сақтау, жүкті тасымалдауды орындау қауiпсiздiгiн және жүктiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүктiң қатталуы мен бекiтiлуiн бақылауға; 

4) аралас тасымалдар операторына мәлімделген жүкті тасымалдау үшін қозғалыс маршруты, көліктің құрамы мен түрлері туралы ақпарат беруге; 

5) операторға жүкті тасымалдаудың тиісті учаскесінде тұрған жерін қадағалауға мүмкіндік беруге; 

6) жүкті аралас тасымал кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгіленген мерзімде аралас тасымалдаудың келесі тасымалдаушысына немесе жүкті қабылдап алуға уәкілетті адамға (жүкті алушыға) беруге міндетті. 

Аралас тасымал тасымалдаушысы Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартында белгiленген өзге де мiндеттер атқарады. 

Ескерту. 3-бөлім 12-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...12 12‑1 12‑2 12‑3 13 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться