Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
12-3-бап. Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент)



Ст. 12-3 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



Қызмет көрсету және аралас тасымалдар шартының талаптарын орындау бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) куәландырылады, онда аралас тасымалдар операторы мен жүк тасымалдаушылардың жүкті аралас тасымалдар шартының талаптарына және аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шартына сәйкес оны межелі пунктке дейін жеткізу үшін өз иелігіне қабылдағаны расталады.

Бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатының (бірыңғай коносаменттің) нысаны және оны толтыру тәртібі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін аралас тасымалдар қағидаларында белгіленеді.

Халықаралық аралас тасымалдар кезінде халықаралық ұйымдар қабылдаған халықаралық үлгідегі бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) қолданылады.

Ескерту. 3-бөлім 12-3-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12-1 12-2 12-3 13 14 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-3-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156