Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
15-2-бап. Көлік-логистика орталықтары



Ст. 15-2 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



1. Қазақстан Республикасының аумағында орындалатын операцияларға байланысты халықаралық және өңірлік көлік-логистика орталықтары құрылуы мүмкін.

 Халықаралық көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және шекаралық операцияларды қоса алғанда, қарап-тексеруге арналған.

 Өңірлік көлік-логистика орталықтары Еуразиялық экономикалық одақ шегінде жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын операцияларды орындауға арналған.

 2. Уәкілетті мемлекеттік орган көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды әзірлейді және бекітеді.

 Ескерту. 4-бөлім 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 10.11.2014 № 249-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...15 15-1 15-2 16 17 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-2-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156