Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету



Ст. 21 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ теміржол, әуе көлiгiнде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.

Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлiмшелерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнаулы бөлiмшелерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнаулы қызметтерi жүзеге асырады.

Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзудi және өрт салдарын жоюды жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртiппен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...19 20 21 22 22-1 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156