Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен суларды беру тәртiбi



Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



Республикадағы көлiк жерлерi болып:

- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;

- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.

Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.

Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.

Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338 Заңымен.
  

2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару
жүйесi


Статья 1 ...2-1 3 4 5 6 ...26 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156