Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi

Ст. 8 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.  

Жолаушылар көлiгінің республикаішілік тұрақты маршруттарында жолаушыларды тасымалдауларды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті тасымалдауларды ұйымдастырған жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар уәкілеттік берген органдармен осы маршруттарға қызмет көрсетуге арналған шарттар жасасуы тиiс. 

Қалалық рельсті көлікпен жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруды қалалық рельсті көлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады. 

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28 № 338, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...26

Перейти к статье






Добавить комментарий к 8-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156