Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi



Ст. 9 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156



Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.

Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.

 Рентабельдiлiгi қолданыстағы реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын немесе шығыстарын субсидиялауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етедi.

 Метрополитенмен және жеңіл рельсті көлікпен жолаушылар тасымалдауды субсидиялау қағидаларын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

Жеңіл рельсті көлікпен жолаушыларды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті ұсыну жергілікті атқарушы орган мен астананың көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компания арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.

Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.

Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.12.28. № 338 Заңымен, 2001.12.15. № 272 Заңымен, 2001.12.24. № 276 Заңымен, 2004.07.09. № 596 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...26 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156