Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аралық соттар туралы
10-бап. Аралық келiсiмнiң нысаны және мазмұны



Ст. 10 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Аралық келiсiм жазбаша нысанда жасалады. Аралық келiсiм, егер тараптар қол қойған, не хаттар, телетайп, телеграф арқылы хабарлар алмасу жолымен немесе мұндай келiсiмнiң тiркелгенiн қамтамасыз ететiн электрондық немесе өзге де байланыстың басқа да құралдарын пайдалана отырып жасалған құжатта болса, жазбаша нысанда жасалған болып есептеледi.

2. Дауды аралық соттың шешуiне беру туралы талап қамтылған құжатқа шарттағы сiлтеме шарт жазбаша нысанда жасалған және осы сiлтеме аралық келiсiмдi шарттың бiр бөлiгі жасайтын жағдайда, аралық келiсiм болып табылады.

3. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда дауды тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотқа беру кезiнде тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентi аралық келiсiмнiң ажырамас бөлiгі ретiнде қаралады.

4. Аралық келiсiмнiң қолданылуы тараптардың келiсiмiмен ол жасалған тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.  
2-тарау. АРАЛЫҚ COTTЫҢ ҚҰРАМЫ

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22