Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аралық соттар туралы
11-бап. Аралық соттардың судьяларына қойылатын талаптар



Ст. 11 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Қажеттi бiлiмге ие, жоғары бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде екі жыл жұмыс өтілі бар, жиырма бес жасқа толған және аралық судьяның мiндеттерiн орындауға келiсiм берген, тараптардан тәуелсiз және iстiң нәтижесiне мүдделi емес жеке тұлға аралық судья болып сайлануы (тағайындалуы) мүмкiн.

2. Дауды жеке-дара шешетiн аралық судьяның жоғары заңгерлiк бiлiмi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуға тиiс. Дау алқалы түрде шешiлетiн жағдайда аралық сот құрамы төрағасының жоғары заңгерлiк бiлiмi болуға тиiс.

3. Аралық судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды тараптар тiкелей соттың құрамын түзу кезiнде айқындайды немесе олар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттардағы ережелермен (регламенттермен) айқындалады.

4. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен - құзыреттi соттың судьясы болып сайланған немесе тағайындалған;

2) заңда белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

 3) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар не өзіне қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарылған адам;

4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн тұрақты немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ағысы төленетiн, жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам аралық судья бола алмайды.

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.02.05 249-IV; 03.07.2013 N 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 11-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22