Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аралық соттар туралы
17-бап. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстар



Ст. 17 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Аралық сотта дауды шешуге байланысты шығыстарға:

аралық судьялардың гонорары;

аралық судьялардың аралық сотта iс қарауына қатысуға байланысты шеккен шығыстары, соның iшiнде дау қаралатын жерге жол жүру, онда тұру мен тамақтану ақысының шығыстары;

сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға төленуге тиiстi сомалар;

аралық судьялардың жазбаша және заттай дәлелдемелердi олардың тұрған жерiнде қарап көруге және зерттеуге байланысты шеккен шығыстары;

куәлар шеккен шығыстар;

аралық соттың шешiмi өз пайдасына шығарылған тараптың өкiл көрсеткен қызметтердiң ақысын төлеуге жұмсаған шығыстары;

аралық соттың iс қарауын ұйымдастыруға және материалдық қамтамасыз етiлуiне жұмсалған шығыстар кiредi.

2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық судьялар гонорарының мөлшерiн тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде көзделген аралық судьялар гонорарларының шкаласына сәйкес аралық соттың құрамы айқындайды.

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде судьялар гонорарының белгіленген мөлшерiне нұсқау болмаған кезде, аралық сот аралық судья гонорарының мөлшерiн дау бойынша сотта iс қараудың әрбiр нақты жағдайында, талап-арыздың бағасын, даудың күрделiлiгiн, аралық судьялардың аралық сотта iс қарауға кеткен уақытын және iске қатысты кез келген басқа да мән-жайларды ескере отырып айқындауы мүмкiн.

3. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотта аралық судьялар гонорарының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша айқындалады, ал ол болмаған кезде - тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот үшiн көзделген тәртiппен нақты дауды шешуге арналған аралық сот айқындайды.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22