Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
19-бап. Аралық соттың құқықтылығы мәселесiн шешу



Ст. 19 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Аралық сот өзiне шешуге берiлген дауды қарауға өзiнiң құқығы бар немесе жоқ екендiгі туралы мәселенi, соның iшiнде тараптардың бiрi аралық келiсiм жоқ немесе жарамсыз деген дәлел бойынша аралық сотта iс қарауына қарсы болған жағдайларда, дербес шешедi.

2. Тарап аралық соттың өзiне шешуге берiлген дауды қарауға құқығы жоқ екенi туралы даудың мәнi бойынша өзi алғашқы өтiнiш бергенге дейiн мәлiмдеуге құқылы.

3. Егер аралық сотта iс қарау барысында қаралуы аралық келiсiмде көзделмеген мәселе аралық сотта iс қараудың нысанасы болса, не ол заңға немесе аралық сотта iс қарау ережелерiне сәйкес аралық сотта iс қараудың нысанасы болуы мүмкiн емес болса, тарап аралық соттың өз құқығын асыра пайдаланғаны туралы мәлiмдеуге құқылы.

4. Аралық сот осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес жасалған мәлiмдеменi қарауға мiндетті. Мәлiмдеменi қарау нәтижелерi бойынша ұйғарым шығарылады.

5. Егер аралық сот өзiнiң құқықтылығы туралы мәселенi қарау кезiнде аралық соттың дауды қарау құқығы жоқтығы туралы ұйғарым шығарса, онда аралық сот дауды мәнi бойынша қарай алмайды.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22