Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
20-бап. Аралық сотта iс қарау ережелерiн айқындау



Ст. 20 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, егер тараптар аралық сотта iс қараудың басқа ережелерiн қолдану туралы уағдаласпаса, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiне сәйкес аралық сотта iс қарауды жүзеге асырады.

2. Нақты дауды шешуге арналған аралық сот аралық сотта iс қарауды тараптармен келiсiлген ережелерге сәйкес жүзеге асырады.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес тараптармен келiсiлген аралық сотта iс қарау ережелерi осы Заңның тараптарға жекелеген мәселелер бойынша уағдаласуға құқық бермейтiн мiндеттi ережелерiне қайшы келе алмайды.

Тараптармен келiсiлмеген, тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың ережелерiнде және осы Заңда айқындалмаған бөлiгiнде, аралық сотта iс қараудың ережелерiн аралық сот айқындайды.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22