Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
24-бап. Талап-арызды қайтару



Ст. 24 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Аралық сот, егер:

1) тараптар арасында аралық келiсiм болмаса;

2) аралық келiсiмнiң қатысушылары болып табылмайтын үшiншi тұлғалардың мүдделерi қозғалса;

3) талап қою аралық келiсiмде көзделмеген аралық сотқа берiлсе;

4) талап-арызға қол қоюға немесе оны беруге өкiлеттiгi жоқ адам оған қол қойса немесе оны берсе; 

5) талапкер талап арызды қайтару туралы өтiнiш берсе;

6) осы немесе басқа аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса, талап-арызды қайтарады.

2. Арыздың қайтарылуы талапкердiң сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша талаппен аралық сотқа қайта жүгiнуiне кедергi келтiрмейдi.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22