Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Аралық соттар туралы

Аралық соттар туралы
25-бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу



Ст. 25 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22




1. Қарсы талаптың талапкердiң талаптарымен өзара байланысы болған кезде, сондай-ақ аралық сот қарсы талап қоюды аралық келiсiмге сәйкес қарауы мүмкiн болған кезде, жауапкер талапкерге қарсы талап қоюға құқылы.

2. Егер тараптар қарсы талап қою үшiн өзге мерзiмге келiспесе, аралық сот шешiм қабылдағанға дейiн, аралық сотта iс қарау барысында қарсы талап қойылуы мүмкін.

3. Қарсы талап осы Заңның 22-бабы 2-тармағының талаптарын қанағаттандыруға тиiс.

4. Талапкер аралық сотта iс қарау регламентiнде немесе ережелерiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде қарсы талапқа қарсылықтарын ұсынуға құқылы.

5. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда жауапкер азаматтық заңнаманың талаптарын сақтай отырып, қарсы талапты есепке алуды талап етуге құқылы.


Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...48 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22