Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аралық соттар туралы
30-бап. Сараптама тағайындау және өткiзу



Ст. 30 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық сот дауларды шешу кезiнде туындайтын, арнайы танып-бiлудi қажет ететiн мәселелердi түсiндiру үшiн сараптама тағайындауы және тараптардың кез келгенiнен сараптама өткiзу үшiн қажеттi құжаттарды, өзге материалдарды немесе заттарды берудi талап етуi мүмкiн.

Сараптама ақысын төлеуге жұмсалған шығыстарды және сарапшының қатысуын қоса алғанда, аралық сот сарапшының аралық сотта iс қарауға қатысуына қатысты өзге де мәселелердi, егер тараптар бұл мәселелердi арнайы келiспесе, шешуге құқылы.

2. Сараптамалық қорытынды жазбаша нысанда берiледi.

3. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда бұл туралы тараптардың кез келгенi өтiнген немесе аралық сот мұны қажет деп санаған жағдайда, сарапшы сараптамалық қорытынды табыс етiлгеннен кейiн, тараптарға және аралық судьяларға сараптама өткiзуге және табыс етiлген сараптамалық қорытындыға байланысты сарапшыға сұрақтар қою мүмкiндiгi берiлетiн аралық соттың отырысына қатысуға тиiс.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22