Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аралық соттар туралы
32-бап. Құзыреттi соттың қамтамасыз ету шараларын ұсынудағы жәрдемi



Ст. 32 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



1. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда аралық сот кез келген тараптың өтiнiшi бойынша даудың нысанасына қатысты өзi қажет деп есептейтiн, ол туралы ұйғарым шығаратын осындай қамтамасыз ету шараларын қандай да бiр тараптың қабылдағаны туралы өкiм шығара алады.

2. Аралық сотта қаралып жатқан талап-арызды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi тарап аралық сотта iстi қарау жүзеге асырылатын орын немесе қамтамасыз ету шаралары қолданылуы мүмкiн мүлiк тұрған жер бойынша - құзыреттi сотқа бередi.

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтiнiшке аралық сотқа талап  қою дәлелдемелерi қоса тiркеледi.

3. Аралық сотта қаралып жатқан талап-арызды қамтамасыз ету туралы өтiнiштi құзыреттi соттың қарауы және оның талап-арызды қамтамасыз ету туралы немесе оны қамтамасыз етуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы Қазақстан Республикасы азаматтық iс жүргiзу заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Аралық сотта қаралып жатқан талап-арызды қамтамасыз ету туралы ұйғарымның күшiн тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша осы ұйғарымды шығарған құзыреттi сот жоюы мүмкiн. Аралық соттың талап-арыз талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiмi құзыреттi соттың қамтамасыз ету шараларының күшiн жоюына негiз болып табылады.

Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.02.05 249-IV Заңымен. 
5-тарау. АРАЛЫҚ COTTЫҢ ШЕШІМІ

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 32-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22