Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Аралық соттар туралы
42-бап. Аралық сотта iс қарауды тоқтату



Ст. 42 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22



Аралық сот, егер:

жауапкер дауды мәнi бойынша шешуге өзiнiң заңды мүддесiнiң болуына байланысты аралық сотта iс қарауды тоқтатуға қарсылығын мәлiмдемесе ғана, талапкер өзiнiң талабынан бас тартқан;

аралық сот өзiнiң шешуiне берiлген дауды қарауға аралық соттың құзыретi жоқтығы туралы ұйғарым шығарған;

сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша құзыреттi соттың немесе аралық соттың заңды күшiне енген шешiмi болған;

тараптар аралық сотта iс қарауды тоқтату туралы келiсiмге келген;

аралық сотта iс қараудың тарапы болып табылатын заңды тұлға таратылған;

аралық сотта iс қараудың тарапы болып табылатын жеке тұлға қаза тапқан (қайтыс болған деп жарияланған), не ол хабарсыз кеткен деп танылған;

талапкер талап қоюдан бас тартып, аралық сот бас тартуды қабылдаған жағдайларда, аралық сотта ic қарауды тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...48 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 42-бап Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22