Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22


Утратил силу

Действующий аналог

Төрелік туралы

Аралық соттар туралы
5-бап. Аралық соттардың түрлерi

1. Қазақстан Республикасында аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, биржалық төрелік немесе нақты дауды шешуге арналған аралық сот түрінде құрылуы мүмкін.

2. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтары, одақтары) құра алады.

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотты құру үшiн осы тармақта көрсетiлген тұлғалар аралық соттың регламентiн, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзiмiн бекiтуге тиiс.

2-1. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты дауларды шешуге арналған биржалық төрелікті тұрақты жұмыс істейтін төрелік ретінде тауар биржасы құрады.

Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы аралық соттың регламентін, осы аралық сотта қызметін жүзеге асыратын аралық судьялардың тізімін бекітуге тиіс.

3. Нақты дауды қарауға арналған аралық сотты тараптар өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және ол осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етеді.

Нақты дауды шешу үшiн құрылатын аралық сот қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады.

4. Қазақстан Республикасында аралық соттар мемлекеттiк органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жанынан құрыла алмайды, сондай-ақ оларды табиғи монополиялар субъектілері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілер құра алмайды.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды); 03.07.2013 N 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться