Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы

Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
15-3-бап. Туризм саласындағы хабарламалар



Ст. 15-3 Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211



1. Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод немесе туризм нұсқаушысы қызметінің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабарлама «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес беріледі.

2. Турагенттер, гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары хабарламаға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша мәліметтерді қоса береді.

3. Турагенттер хабарламаға азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының көшірмесін қоса береді.

4. Гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары хабарламаға туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.

Ескерту. 3-тарау 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...15-1 15-2 15-3 16 17 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 15-3-бап Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211