Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары



Ст. 15 Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211



1. Туроператорда және турагентте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.

2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес:

туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады;

турагенттік қызмет, сондай-ақ гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады.

Туроператор туристерге дербес немесе туристер алдындағы оның міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек турагенттер арқылы ғана жүзеге асырады.

Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туроператорлық қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.

Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке берілетін лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан (қайта жасасқан) кезден бастап бес жұмыс күні ішінде турагент жасалған (қайта жасалған) шарт туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберуге міндетті.

Турагент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана туристерге ұсынады және өткізеді.

Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.

Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы, туроператор мен турагенттің жауапкершілігі туралы, сондай-ақ туристік өнім туралы ақпаратты ұсынбағаны немесе анық емес ақпарат ұсынғаны үшін, туристік өнімді өткізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптардың әрқайсысының турист алдындағы жауапкершілігі туралы мәліметтер, туристік маршруттың сипаттамасы, туристік өнім туралы анық ақпарат міндетті түрде қамтылуға тиіс.

4. Туристік өнімнің құрамында жоқ экскурсиялық қызметті немесе туризм нұсқаушысының қызметін көрсеткен кезде экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының), туризм нұсқаушысының қызметін көрсететін тұлғалар туристерге саяхаттың ерекшеліктері, олар саяхат жасаған кезде кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беруге, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде саяхат кезінде туристермен болатын төтенше жағдайлар туралы мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына ақпарат беруге міндетті.

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...13 14 15 15-1 15-2 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211