Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы
27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезiндегi сақтандыру



Ст. 27 Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211



1. Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңнамасында көзделген жағдайларда, турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.

2. Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.

3. Қазақстан Республикасының Yкiметi Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.

4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.

Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 

4-1-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі
саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі


 Ескерту. Заң 4-1-тараумен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...25 26 27 27-1 27-2 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211