Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер

1. Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) айырбастау пункті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдары негізінде Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйым немесе уәкілетті банк құрған, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру үшін арнайы жабдықталған орын; 

2) валюталық құндылықтар: 

шетел валютасы; 

номиналы шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; 

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар; 

құймалардағы аффинирленген алтын; 

Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен (аударған) немесе Қазақстан Республикасына әкелген (аударған) жағдайларда ұлттық валюта, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құжаттары; 

Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында және Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында олармен операциялар жасалған, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан әкеткен немесе Қазақстан Республикасына әкелген жағдайларда Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздар; 

3) валюталық операциялар: 

валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану; 

валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару; 

валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру; 

валюталық құндылықтарды брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде беру; 

4) валюталық шарт – валюталық операциялар солардың негізінде және (немесе) оларды орындау үшін жүзеге асырылатын, өзгерістерін және (немесе) толықтыруларын қоса алғанда, келісімдер, құрылтай құжаттары, сондай-ақ өзге де құжаттар; 

5) есептік нөмір – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе уәкілетті банк валюталық шартқа немесе шетелдік банктегі шотқа беретін және валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған сәйкестендіру нөмірі; 

6) импорт – Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің Қазақстан Республикасының резидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі; 

7) құймалардағы аффинирленген алтын – аффинаждау нәтижесінде алынған және өлшеуіш және стандартты құймалар түрінде дайындалған, "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық алтынға жатқызылатын алтын; 

7-1) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган; 

8) уәкілетті банктер – валюталық операцияларды, оның ішінде клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүргізетін, Қазақстан Республикасында құрылған банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (уәкілетті ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ шетелдік банктердің Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын филиалдары; 

9) уәкілетті ұйымдар – банктер болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары; 

10) ұлттық валюта: 

Қазақстан Республикасының аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталары түріндегі ақша белгілері; 

банктік шоттардағы Қазақстан Республикасының ақша бірліктеріндегі ақша; 

11) шетел валютасы: 

шет мемлекеттің (мемлекеттер тобының) аумағында айналыста болатын және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, бірақ айналыстағы ақша белгілеріне айырбастауға жататын банкноттар, монеталар түріндегі ақша белгілері; 

банктік шоттардағы шет мемлекеттердің (мемлекеттер тобының) ақша бірліктеріндегі және халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі ақша; 

12) шетелдік банктер – шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде банк қызметін жүзеге асыратын банктер және өзге де қаржы институттары; 

13) экспорт – Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне тауарларды беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды ішінара беруі, Қазақстан Республикасы резидентінің Қазақстан Республикасының бейрезидентіне жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі, мүлікті жалға беруі. 

2. Осы Заңда валюталық операцияларды сыныптау мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады: 

1) капиталға қатысу: 

заңды тұлғаның, жай серіктестіктің, консорциумның жарғылық капиталына, мүлкіне қатысу, оның ішінде акциялар, қатысу үлестері, салымдар және (немесе) қатысушылардың дауыстары түрінде қатысу; 

заңды тұлғаның жарғылық капиталынан өзге капиталына қатысу; 

2) капитал қозғалысы операциялары – Қазақстан Республикасының резиденттері мен Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арасында жүзеге асырылатын, валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың өтуіне байланысты болатын, мыналар: 

қаржылай қарыздар; 

капиталға қатысу; 

бағалы қағаздармен, қатысу үлестерімен және туынды қаржы құралдарымен операциялар; 

Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын иемдену; 

зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды толығымен иемдену; 

ақшаны және өзге де мүлікті бірлескен қызметке қатысушының міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға, трастқа беру; 

клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға ақшаны және қаржы құралдарын клиенттерге тиесілі ақшаны есепке алуға және сақтауға арналған шоттарға беру; 

ақшаны және өзге де валюталық құндылықтарды өтеусіз беру көзделетін операциялар; 

3) қаржылай қарыздар: 

экспортты немесе импортты алдын ала төлеу, төлеуді кейінге қалдыру және бөліп төлеу кезінде туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, қарыздар; 

борышкер міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге берілетін ақша; 

тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілер мен алушылардың (сатушылар мен сатып алушылардың) ақшалай талабын басқаға беру арқылы қаржыландыру; 

үшінші тұлғалардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды және өзге де мәмілелерді қаржыландыруы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы, солардың нәтижесінде өзі үшін міндеттеме орындалған тұлғада осындай қаржыландыруды берген және (немесе) осындай орындауды жүзеге асырған тұлғаға ақшаны және өзге де мүлікті қайтару міндеті туындайды; 

қаржы лизингі, Қазақстан Республикасының заңдарымен жылжымайтын мүлікке теңестірілген не жатқызылған жылжымалы заттарды жалға алуды қоспағанда, жылжымайтын мүлікті кейіннен сатып ала отырып жалға алу;  

4) шетелдік қаржы ұйымдары – шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы негізінде қаржы қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік банктер және өзге де қаржы институттары; 

5) шетелдік қаржылық емес ұйымдар – шетелдік қаржы ұйымдарын қоспағанда, шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын өзге де ұйымдар. 

Осы Заңның мақсаттары үшін:  

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы резидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар; 

Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған электрондық ақшаны Қазақстан Республикасы бейрезидентінің сатып алуы және өтеуі жөніндегі операциялар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импортына немесе экспортына байланысты валюталық операциялар болып табылады. 

3. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының резиденттері (бұдан әрі – резиденттер) деп: 

шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген құқық негізінде осы шет мемлекетте тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары; 

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсат негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлғалар (халықаралық ұйымдарды қоспағанда), сондай-ақ олардың филиалдары (өкілдіктері); 

егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта олар үшін резидент мәртебесі айқындалған болса, Қазақстан Республикасында орналасқан халықаралық ұйымдар; 

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері; 

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында банк және (немесе) сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы шетелдік қаржы ұйымдарының филиалдары; 

осы баптың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденттері деп танылатын шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес шетелдік қаржылық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемелері болып табылатын осындай шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері) танылады. 

4. Осы Заңның және валюталық реттеу мен валюталық бақылау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілердің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері (бұдан әрі – бейрезиденттер) деп: 

осы баптың 3-тармағына сәйкес резиденттер болып табылмайтын жеке тұлғалар;  

шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмайтын ұйымдар, сондай-ақ Салық кодексіне сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесін құруға алып келмейтін қызметті жүзеге асыратын олардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары (өкілдіктері); 

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін күшіне енген келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары (өкілдіктері); 

егер халықаралық ұйымдарды құру туралы халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, халықаралық ұйымдар; 

шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де ресми өкілдіктері танылады. 

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының атынан шетелдік ұйымдармен жасалған келісімдердің талаптарында белгіленген шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының (өкілдіктерінің) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісінде белгіленеді. 

5. Осы Заңда пайдаланылатын және анықтама берілмеген ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңдарында пайдаланылатындай мағынада қолданылады. 

Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться