Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 24 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
24-бап. Арнайы валюталық режим

1. Қазақстан Республикасының төлем балансының орнықтылығына, ішкі валюта нарығының тұрақтылығына және экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төнген жағдайларда, егер жағдайды экономикалық саясаттың басқа шараларымен шешу мүмкін болмаса, арнайы валюталық режим енгізіледі. 

Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігіне және оның қаржы жүйесінің тұрақтылығына төнген қатерді жою үшін жағдай жасауға бағытталған валюталық реттеу шараларының кешенін көздейтін және резиденттер мен бейрезиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар жүргізуіне жекелеген валюталық шектеулер енгізуге жол беретін валюталық операцияларды жүргізудің ерекше режимін білдіреді. 

Арнайы валюталық режим Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісімен енгізіледі.  

Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілетін валюталық шектеулер уақытша шаралар болып табылады, кемсітпейтін сипатта болады және оларды белгілеуді туындатқан мән-жайлардың жойылуына қарай күшін жояды. 

Арнайы валюталық режим шеңберінде енгізілуі мүмкін шектеулерге: 

1) валюталық операция сомасынан пайыз ретінде айқындалатын мөлшердегі депозитті уәкілетті банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне белгіленген мерзімге сыйақы төлемей орналастыру талабы; 

2) валюталық операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабы;  

3) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабы; 

4) шетелдік банктердегі шоттарды пайдалану бойынша шектеулер, валюталық түсімді қайтару мерзімін және валюталық операциялар бойынша көлеміне, санына және есеп айырысу валютасына лимиттерді белгілеу жатады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде өзге де уақытша валюталық шектеулерді енгізуі мүмкін.  

2. Арнайы валюталық режимнің талаптары арнайы валюталық режим енгізілгенге дейін резиденттермен жасалған валюталық шарттар бойынша міндеттемелерді бейрезиденттердің орындауы нәтижесінде туындаған, резиденттердің бейрезиденттер алдындағы міндеттемелерді орындауын, сондай-ақ бейрезиденттердің салымдар (депозиттер) мен бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтерді, сыйақылар мен өзге де кiрiстердi аударуды жүзеге асыруын шектей алмайды. 

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленетін рұқсаттар мен хабарламаларға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылмайды. 

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде:  

1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге енгізілетін шаралар мен уақытша шектеулердің тізбесі; 

2) арнайы рұқсат беру талаптарын қоса алғанда, арнайы валюталық режимнің талаптарын орындау тәртібі; 

3) арнайы валюталық режимді енгізу уақыты және оның қолданылу мерзімі қамтылады. 

5. Арнайы валюталық режимнің қолданылу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс. 

Арнайы валюталық режим енгізілген мерзім өткен соң мұндай режимнің күші жойылды деп есептеледі. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен тиісті уәкілетті органдардың бірлескен ұсынуы негізінде арнайы валюталық режимнің қолданысын осы тармақта белгіленген мерзімдер шегінде ұзартуға не тиісті акт шығару арқылы оның күшін толық немесе ішінара мерзімінен бұрын жоюға құқылы. 

6. Арнайы валюталық режимнің қолданылуы кезеңінде резиденттер мен бейрезиденттер Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы валюталық режимді енгізу туралы актісінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. 

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...22 23 24 25 26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться