Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
29-бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi



Ст. 29 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57



1. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз құзыретi шегiнде резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюталық операцияларына осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, лицензиялардың шарттарына, тiркеу және хабарлама талаптарына сәйкес келуi бөлігінде бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi.   

2. Валюталық бақылау органдары өз құзыретi шегiнде:   

1) резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын тексерудi жүзеге асырады;   

2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілігінің толымдылығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады;   

3) валюталық операцияларды жүргiзуге байланысты құжаттар мен ақпаратты сұратады;   

4) валюталық бақылауды тиiстi түрде жүзеге асыру мақсатында валюталық бақылау агенттерiне олардың орындауы үшін мiндеттi тапсырмалар бередi;   

5) валюталық операциялар бойынша есептілікті ұсыну тәртібін белгілейді;   

6) анықталған құқық бұзушылықты жою туралы талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi мен резидент еместерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды.  

3. Валюталық бақылау агенттерi:   

1) өздерi, оның iшiнде клиенттердің тапсырмасы бойынша операциялар жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;   

2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толымдылығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;   

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес өз клиенттерi жол берген, өздерiне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, сондай-ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;   

4) валюталық бақылау органдарына өздерiнің қатысуымен жүргізiлетiн валюталық операциялар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде және валюталық реттеу органдарының нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленген тәртіппен ақпарат беруге мiндеттi.   

4. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз өкiлеттіктерiн жүзеге асырған кезде өздерiне белгiлi болған коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.   

5. Уәкiлеттi банк резиденттiң және (немесе) резидент еместiң төлемдер мен ақша аударымдарын соңғысы осы Заңға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады.   

6. Резиденттер мен резидент еместер валюталық операцияларды жүргiзген кезде олардан валюталық бақылау агенттерi валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында осы Заңға сәйкес мыналарды талап етуге құқылы:   

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшiн);   

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн);   

3) құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшiн);   

4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшiн);

 5) алып тасталды - ҚР-ның 2007.01.12 № 224-IV Заңымен. 

6) алып тасталды - ҚР-ның 2012.01.06 № 530-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.    

7) валюталық шарт, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беру туралы белгісі бар валюталық шарт;   

8) осы Заңда белгiленген жағдайларда лицензия, тiркеу куәлігi, хабарлама туралы куәлiк;   

9) алып тасталды - ҚР-ның 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

10) экспорт (импорт) мәмiлелерi бойынша мiндеттемелердi орындауды не соның негiзiнде орындаудың қажеттігін растайтын құжаттар.   

7. Уәкiлеттi банктер жүргізiлетiн валюталық операцияларға тiкелей қатысты емес құжаттардың ұсынылуын талап етуге құқылы емес.   

8. Тұлға осы Заңға сәйкес және валюталық реттеу мен валюталық бақылау органдарының нормативтiк құқықтық актілерiнде талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған не дұрыс емес құжаттар ұсынған жағдайда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында талап етілетiн iс-әрекетті жүзеге асырмаған жағдайда уәкiлеттi банктер валюталық операцияны жүзеге асырудан бас тартады.

Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 12.01.2007. № 224 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2009.07.04. № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.06 № 530-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 29-бап Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57