Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
31-бап. Резиденттер мен резидент еместердiң құқықтары және мiндеттерi



Ст. 31 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57



1. Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:   

1) валюталық бақылау органдары жүргiзген тексеру нәтижелерi туралы анықтамалармен танысуға;   

2) валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағым жасауға;   

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.   

2. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместер:   

1) валюталық бақылау органдары мен агенттерiне барлық сұратылатын құжаттарды және валюталық операциялардың жүзеге асырылуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленген мерзiмде беруге;   

2) валюталық бақылау органдарының тексеру жүргiзуi барысында, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша оларға түсінiктемелер табыс етуге;   

3) жүргізілетін валюталық операциялар бойынша олардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мерзiм ішінде сақталуын қамтамасыз ете отырып, есеп жүргізуге және есептеме жасауға;   

4) валюталық бақылау органдарының анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарын (нұсқауларын, ұйғарымдарын) орындауға;   

5) валюталық бақылау органдарының тексеру жүргiзуi барысында оларға өз үй-жайларына кiруін, құжаттарына және автоматтандырылған деректер базасына қол жеткiзуін қамтамасыз етуге мiндеттi.   

3. Резиденттер осы Заңда белгiленген жағдайларда лицензияны, тіркеу куәлігін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң хабарлама туралы куәлігін алу үшін уақтылы өтiнiш беруге және барлық қажеттi шараларды қабылдауға, сондай-ақ берілген лицензияның шарттарын сақтауға мiндеттi.

 Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР-ның 2009.07.04. № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.  
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Статья 1 ...29 30 31 32 33 34 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2005 жылғы 13 маусымдағы N 57