Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ветеринария туралы

Ветеринария туралы
24-бап. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар айналысын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау



Ст. 24 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339



1. Қазақстан Республикасында ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.

2. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.

3. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөп қоспалары қауіпсіздігінің мониторингі олардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

4. Ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптiк қоспалар өндiру жөнiндегi ұйымдар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың ветеринариялық нормативтердiң талаптарына сәйкестiгiн анықтау жөнiндегi өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiн құруға мiндеттi.

5. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестiгiн айқындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

3-1-тарау. Адамдар үшiн тағам ретiнде қолданылмайтын жануарларға арналған ветеринариялық препараттарға, жемшөптерге және жемшөп қоспаларына қойылатын
қауiпсiздiктiң жалпы талаптары
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2006.12.06 № 209 Заңымен.

Статья 1 ...22 23 24 24-1 24-2 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339