Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 28 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Ветеринария туралы
28-бап. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры

1. Эпизоотика ошақтарын жою және уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзілген жануарлардың аса қауiптi ауруларының таралу қаупінің алдын алу кезiнде пайдаланылатын, үнемi жаңартылып отыратын ветеринариялық препараттардың белгiлi бiр көлемi ветеринариялық препараттардың республикалық қоры болып табылады. 

2. Ветеринариялық препараттардың республикалық қоры бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде сатып алынған ветеринариялық препараттар көлемiнен жасалады. Ветеринариялық препараттардың түрлерi бойынша қордың нормативiн уәкілетті орган белгiлейдi. 

3. Ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру мен пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. 

Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Статья 1 ...26‑2 27 28 29 30 ...37

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339