Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 32 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Ветеринария туралы
32-бап. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есептік нөмірлер беру

1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.

1-1. Процессингтік орталық:

1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;

2) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеуді;

3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындауды;

4) жеке нөмірлердің эмиссиясы жөнінде дерекқор жүргізуді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-1) мемлекеттік сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру жөнінде шарт жасасуды, сондай-ақ тапсырыс берушілерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сақтау мен тасымалдау (жеткізу) жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау үшін оларды беру процесінде ішінара алуды;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған құралдардың (бұйымдардың) және атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыруды;

7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мониторингін жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті бақылау және қадағалау мақсатында есептік нөмірлер беруге жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдар жатады.

Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
5-тарау. ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАНДАРДЫ, ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ДАЯРЛАУ МЕН ОЛАРДЫҢ БIЛIКТIЛIГIН АРТТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ҚЫЗМЕТ
Ескерту. 5-тараудың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...37

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться