Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 35 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ветеринария туралы
35-бап. Ветеринарияны қаржыландыру көздерi

1. Мыналарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады: 

1) уәкілетті органды ұстауға арналған шығыстар; 

2) мемлекеттiк ветеринариялық мекемелердi ұстауға арналған шығыстар; 

3) ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар; 

3-1) осы Заңның 11-бабына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға бекітіп берілген функцияларды орындауға арналған шығыстар; 

4) ветеринариялық бақылау бекеттерiнде көлiк құралдарын дезинфекциялауды және ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтауды қоса алғанда, уәкілетті орган бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы; 

4-1) импорттаушы ел өкілдерінің ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бір бөлігін инспекциялауын және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүйесінің аудитін қоса алғанда, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру рәсімін ұйымдастыру және жүргізу; 

4-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу; 

4-3) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою; 

5) жануарлардың және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн алып қойылған жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты жою; 

6) мыналардың: 

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың; 

жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу; 

7) ветеринарияда пайдаланылатын Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруды, жүргізуді және күтіп-бағуды қамтамасыз етуге арналған шығыстар.  

8) <*> 

9) ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіру үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алуға арналған шығыстар. 

2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері иелерінің есебінен мыналар орындалады: 

1) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткiзу, серияларын бақылау және оларға тiркеу сынағын жүргiзу; 

2) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) ветеринариялық-санитариялық сараптама; 

4) дегельминтизация, дезинсекция, деразитация, дезинфекция (ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерiндегi дезинфекцияны қоспағанда); 

5) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге енгiзiлген жануарлардың аса қауiптi ауруларын және жануарлардың энзоотиялық ауруларын қоспағанда, инвазиялық ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларын емдеу, олардың профилактикасы, диагностикасы және оларды жою; 

6) ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне есепке жатқыза отырып беру, ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алу; 

6-1) тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген көлемінен тыс іс-шаралар өткізу (өтініш жасалған жағдайда); 

6-2) ветеринарияда пайдаланылатын, Патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясында сақталуға жатпайтын микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу; 

6-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша референцияларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын олардың көлемінен асыра жүргізу (өтініш жасалған жағдайда); 

7) жануарларды карантиндеу кезінде диагностикалық зерттеулерді және ветеринариялық дауалауды жүргізу. 

3. Осы баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады. 

Ескерту. 35-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2008.12.29 № 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 № 540-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 408-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2022 № 123-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
36-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық  

Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.  

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
37-бап. Осы заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi  

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мал дәрiгерлiгi туралы" 1995 жылғы 25 шiлдедегi № 2376 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 14, 94-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 24, 443-құжат; № 23, 931-құжат) күші жойылды деп танылсын.  


Қазақстан Республикасының
Президенті
Статья 1 ...34 34‑1 35 36 37

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться