Ст. 8 Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Ветеринария туралы
8-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті органның құзыретіне: 1) ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
1-1) ветеринария саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2-1) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тiзбесiн әзірлеу және бекіту;
5) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекіту, ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
10) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
11) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлау;
12) эпизоотиялық мониторинг жүргізу;
13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткiзудi, бақылауды, оларды тiркеу сынақтарын жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
14) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөп қоспаларына қорытындылар беру;
15) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
17) басқа елдердің ветеринариялық-санитариялық шараларының, егер бұл шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын тану;
18) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі жеткіліксіз болған жағдайда, халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар тиісті ақпараттың негізінде уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды енгізу;
19) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бөліктерін айқындау, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекция жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
20) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өміріне және денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетін ветеринариялық нормативтерді бекіту;
21) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
22) ветеринария саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу және бекіту;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
24) аумақты аймақтарға бөлу тәртібін айқындау;
25) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келісу;
26) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қалыптастыру, пайдалану және оларды есептен шығару тәртібі мен нормативін бекіту;
27) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және оларды есептен шығаруды ұйымдастыру;
28) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативін бекіту;
29) Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
30) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
31) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізу туралы және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына рұқсат беретін ұйымдарды айқындау туралы шешім шығару;
32) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлеу және бекіту;
33) ұйымдарда ветеринария саласында пайдаланылатын жануарлар ауруларын қоздырушылары штаммдарының пайдаланылуына, тасымалдануына (жеткізілуіне), сақталуына және жойылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
34) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
35) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекіту;
36) алып тасталды - ҚР 17.01.2014 № 165-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
37) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені әзірлеу және бекіту;
38) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлеу және бекіту;
38-1) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
38-2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
39) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру ережелерін бекіту;
40) жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
41) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық жағдай туралы ақпарат беру;
42) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;
43) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
44) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу мен есептілік нысандарын әзірлеу және бекіту;
45) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлеу және бекіту;
46) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
46-1) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-2) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (жануарларды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-3) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-4) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
46-5) жануарлардың аса қауiптi ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекiту;
46-6) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекіту;
46-7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
46-8) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-9) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндіруді лицензиялау;
46-10) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлеу және бекіту;
46-11) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-12) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторингтің жоспарын бекіту;
46-13) сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-14) ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-15) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын мемлекеттік тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-16) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-17) жануарларды карантиндеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-18) дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-19) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-20) ветеринариялық препарат пен жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу қағидаларын бекіту;
46-21) жануарларға қарау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-22) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-23) мемлекеттік органдардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-24) диагностикалық зерттеулер жүргізу қағидаларын бекіту;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.24 № 190-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Добавить комментарий к 8-бап Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339