Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сыртқы барлау туралы
2-бап. Сыртқы барлау субъектілері



Ст. 2 Сыртқы барлау туралы 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV




1. Сыртқы барлау субъектілеріне: 

1) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – сыртқы барлау органы); 

2) осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жатады. 

Құзыретіне барлау қызметін жүзеге асыру кіретін ұлттық қауіпсіздік органдары қызметтерінің, бөлімшелерінің және қызметкерлері санаттарының тізбесін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайды; 

3) осы Заңның 6-бабының 3) тармақшасында көзделген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары жатады. 

2. Сыртқы барлау субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде барлау қызметін жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. 

3. Сыртқы барлау органы арнаулы мемлекеттік орган болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету күштерiне жатады, оның нышаны, туы, ведомстволық наградалары мен төсбелгiлерi, нақты және шартты атаулары болады. 

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2014 N 185-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 2 3 4 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сыртқы барлау туралы 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Сыртқы барлау туралы 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV