Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сыртқы барлау туралы

Сыртқы барлау туралы
7-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің сыртқы барлау саласындағы өкілеттіктері



Ст. 7 Сыртқы барлау туралы 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV



Қазақстан Республикасының Президенті: 

1) Қазақстан Республикасы сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің негізгі бағыттарын және басымдықтарын айқындайды; 

2) сыртқы барлау органын құрады, қайта ұйымдастырады және таратады; 

3) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне және Үкіметіне сыртқы барлау субъектілерін басқа да мемлекеттік органдармен үйлестіру және өзара іс-қимыл жасау және барлау қызметін жетілдіру жөніндегі мәселелерді қарауға тапсырма береді; 

4) сыртқы барлау органының басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

5) сыртқы барлау органының ережесін, сондай-ақ оның басшысының ұсынуымен органның құрылымын және жалпы штат санын бекітеді; 

6) сыртқы барлау органы басшысының орынбасарларын оның басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

7) жоғары офицерлік және басқарушы құрамдағы адамдар орналасатын сыртқы барлау органы қызметтерінің тізбесін бекітеді; 

7-1) арнаулы атақтар берілетін сыртқы барлау органының лауазымдары тізбесін бекітеді; 

8) сыртқы барлау органының қызметін бақылайды, тексеруші органдарды тағайындайды, олардың мақсаттарын, міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды, бақылау нысандары мен оны жүзеге асыру тәртібін белгілейді; 

9) өзі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде сыртқы барлау органы басшысының есебін тыңдайды; 

10) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...22 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Сыртқы барлау туралы 2010 жылғы 22 мамырдағы № 277-IV