Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17-1 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Iшкi су көлiгi туралы
17-1-бап. Аумақтық бөлімшелердің кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеруді жүргізуі

Ескерту. 17-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру кеменің (оның ішінде шағын көлемді кеменің) (оның мемлекеттік тіркелген орнына қарамастан), экипаждың кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатында жүргізіледі. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қарап-тексеру капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның аға көмекшісінің) және шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушісінің қатысуымен тұрақта тұрған, сол сияқты жүзіп келе жатқан кезде де жүргізілуі мүмкін. 

Iшкi суларда жүзетiн кемелердi және шағын көлемді кемелерді қарап-тексеру – навигацияаралық кезеңнен кейiн, ал "өзен-теңiзде" жүзетін кемелердi теңiзде пайдаланғаннан кейiн олар iшкi су жолдарына кiрген кезде жүргiзiледi. 

Кемелердi (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) бақылау мақсатында қарап-тексеру навигация кезеңiнде екi айда бiр реттен жиiлетпей немесе көлiк оқиғасы болған кезде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жағдайда жүргiзiледi. 

2. Өздiгiнен жүзетiн кемелердi қарап шығу кезiнде мыналар тексеруге жатады:  

1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (болуы, жарамдылық мерзiмдерi, оларды жүргiзу тәртiбi);  

2) штат кестесi мен кеменi пайдалану режимi мен экипаждың жұмысы туралы кеме иесiнiң бұйрығы (немесе басқа құжат);  

3) iшкi су жолдарының навигациялық карталары;  

4) вахталық, штурмандық, жалпы кеме қызметтерiн, адамдарды құтқаруды ұйымдастыру жөнiндегi кеме iшi құжаттамасы (саны, жүргiзу сапасы):  

вахталар кестесi;  

дабылдар бойынша кесте және экипаж мүшелерiнiң жеке карточкалары;  

ауа-райы болжамдарының журналы (тiгiнi);  

жол ақпараттарының және кеме жүргiзушiлерге берiлген хабарламалар журналы (тiгiнi);  

магниттік компас девиациясының кестесі (кеме жүргізу компастың көмегімен жүзеге асырылатын ішкі су жолдарында); 

кеменiң маневр элементтерiнiң кестесi;  

адамның борт сыртына құлауы кезiндегi маневрлеу сызбасы;  

радиолокациялық станцияның көлеңкелі секторларының схемасы (радиолокациялық станциясы бар кемеде); 

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының, кеме атауының (нөмірінің) және борттарындағы тіркеу нөмірлерінің, корпусында жүк маркасының болуы және жай-күйі; 

6) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайына, құрамдарды қалыптастырудың және жолдар габариттерiнiң үлгілiк сызбаларына сәйкестiгi;  

7) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтергiштiк, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларын сақтау, кеменi басқару постынан көрудi қамтамасыз ету;  

8) жарықтық және дыбыстық сигнал берудің болуы және жұмыс істеуі; 

9) навигациялық, штурмандық және электрлi радионавигациялық приборлардың өзен кеме қатынасы нормалары бойынша болуы мен iс-әрекетi;  

10) ұжымдық және жеке құтқару құралдары, пиротехникалар, авариялық жабдықтау санының кеме қатынасы тiркелiмi нормаларына сәйкестiгi, олардың маркировкаларының, орналасуы мен сақталуының дұрыстығы;  

11) экипаждың штаттық кестеге және кемелер экипаждарының ең аз құрамына қойылатын талаптарға сәйкес жасақталуы; 

12) командалық құрамда тиiстi лауазымдарға орналасу құқығына дипломдарының, аттестаттау туралы анықтамаларының болуы; 

13) ағымдағы және алдыңғы рейстерде (вахталық журналдағы жазбалар бойынша) құрамдарды қалыптастырудың үлгілік сызбаларын, жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, тiркеу құжаттарында көрсетiлген жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi, вахталарды атқару режимiн, оқу дабылдарын және басқару құрылғысы iстен шыққандағы iс-әрекет бойынша жаттығулар жүргiзудiң кезеңдiгiн сақтауы;  

14) экипаж мүшелерiнiң басқару құрылғысы iстен шыққан кезде дабыл бойынша iс-әрекет етудi бiлуi мен игеруi;  

15) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерiнiң ұйғарымдарының орындалуы тексерiледi. 

2-1. Өздiгiнен жүзбейтiн (өздігінен қозғалуға арналған механикалық қондырғысы жоқ) кемелердi қарап тексеру кезiнде: 

1) осы Заңның 23-бабында көрсетiлген кеме құжаттары (олардың болуы, қолданылу мерзiмi, оларды жүргiзу тәртiбi);  

2) кеме атауының (нөмiрiнiң) және борттарында тiркеу нөмiрлерiнiң, корпусында жүк маркасының болуы; 

3) кеменiң (құрамның) жүзу ауданының разряды мен жағдайларына, құрамдарды қалыптастырудың үлгiлiк схемаларына және жол көлемдеріне сәйкестiгi; 

4) жолаушылар сыйымдылығы және жүк көтерім, борттың су бетiндегi биiктiгi (жүк маркасы бойынша) нормаларының сақталуы;  

5) ағымдағы навигацияда аумақтық бөлiмшелер қызметкерлерi нұсқамаларының орындалуы тексеруге жатады. 

3. Кемені қарап тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң қызметкерi кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн, қарап тексеру күнін көрсете отырып, кемені қарап тексеру актісін жасайды. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, аумақтық бөлімшенің қызметкерi анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып, нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайларда, аумақтық бөлімшенің қызметкері кеменің (құрамның) қозғалысына тыйым салу туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде кеменің капитаны кеме иесіне хабарлайды. 

Кемені қарап тексеру актісі мен нұсқама екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің қызметкері мен капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) қол қояды. Капитан (бірінші штурман немесе капитанның аға көмекшісі) кемені қарап тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бас тартудың мәлімделген себептер көрсетіле отырып жазба жасалады. 

Кемені қарап тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кемеде, екіншісі аумақтық бөлімшеде кеме ісінде сақталады. 

Кемені қарап тексеруді жүргізген аумақтық бөлімше қызметкерлері кемені қарап тексеру актісіндегі жазбалардың анықтығына жауапты болады. 

4. Шағын көлемді кемелердi қарап-тексеру кезiнде: 

1) кеме билеті; 

2) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік; 

3) техникалық куәландырудан өткендігі; 

4) шағын көлемді кемеде жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердің, жолаушылар мен жүктердiң дұрыс орналастырылуының сақталуы; 

5) құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдарының болуы; 

6) борттарда тіркеу нөмірінің болуы; 

7) орналасқан орнына қарамастан кеме корпусын тесіп өткен ойықтардың болмауы, кеменің гермобөліктерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы немесе тұмшалануының бұзылуы; 

8) руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігінің қамтамасыз етілмеуі; 

9) отын ағуының, дірілдің болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің зақымдалуы, реверс-редуктордың сенімді қосылуының (ажыратылуының) қамтамасыз етілмеуі, реверс қосылып тұрған кезде қозғалтқыштың (мотордың) іске қосылуын бұғаттауыштың жарамсыздығы;  

10) кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкестігі; 

11) айырым оттарының болуы, жарамдылығы немесе сәйкестігі; 

12) кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) кеменің пайдаланылуы; 

13) руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және жарамдылығы; 

14) орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкестігі тексеруге жатады. 

5. Шағын көлемді кемені қарап-тексеру нәтижелерi бойынша аумақтық бөлiмшенiң лауазымды адамы шағын көлемді кеменiң атауын (нөмірін) және тіркеу нөмiрiн, кеме иесiн (кеме жүргізушіні), қарап-тексеру күнін көрсете отырып, шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісін жасайды. Кемелерді (оның ішінде шағын көлемді кемелерді) қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы анықталған бұзушылықтардың тiзбесiн және оларды жою мерзiмдерiн көрсете отырып нұсқама шығарады. Кеме құжаттары болмаған кезде және шағын көлемді кемені пайдалану қауіпсіздігіне қатер төнетін жағдайларда аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы шағын көлемді кеменің (құрамның) жүзуіне тыйым салады, бұл туралы кеме жүргізуші кеме иесіне хабар береді. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі және нұсқама уәкілетті орган бекітетін нысандар бойынша екі данада жасалады және оларға аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы және кеме жүргізуші қол қояды. Кеме жүргізуші шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісіне немесе нұсқамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, мәлімделген бас тарту уәждері көрсетіле отырып жазба жасалады. 

Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың бірінші данасы – кеме иесінде, екіншісі аумақтық бөлімшеде сақталады. 

Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 17‑1 17‑2 18 ...103

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться