Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Iшкi су көлiгi туралы
23-бап. Кеме құжаттары

1. Ішкi су жолдарымен кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде берілуі және жүргiзілуі тәртiбiн уәкілетті орган айқындайтын мынадай кеме құжаттары: 

1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге (Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде тіркелуге жататын кемелер үшін) меншік құқығын растайтын кеме куәлігі; 

2) шетелдiк кемеге (жалға алынған шетел кемелерiнiң тiзiлiмiнде тiркелген кемелер үшiн) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлiк;  

3) кеменiң жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлiгi көрсетiлген куәлiгi;  

4) өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн кеме журналы (вахталық журнал);  

5) кеме рөлi (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшiн) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерiнiң тiзiмi;  

6) радиожурнал (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);  

7) кеме станциясының рұқсаты (егер кемеде кеме радиостанциясы бар болса);  

8) машина журналы (механикалық қозғағышы бар кемелер үшiн);  

9) кеменi қарап шығудың бiрыңғай кiтабы;  

10) кемеге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; 

11) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

12) кеменiң мұнаймен, қалдық сулармен және қоқыспен ластануын болғызбау туралы куәлiк;  

13) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік (өздiгiнен жүзетiн кемелер үшін) болуға тиіс. 

1-1. Ішкi су жолдарында және өзге де су айдындарында пайдаланылатын мемлекеттік тіркеуге жататын шағын көлемді кемеде мынадай құжаттар: 

1) кеме билеті; 

2) шағын көлемді кемеде меншік иесі болмаған кезде кеменің меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесімен бірге меншік иесінен шағын көлемдi кеменi басқару құқығына арналған сенімхаты болуға тиіс. 

2. Көшiрмесiн кемеге меншiк құқығы туралы куәлiктi берген орган растауға немесе нотариус куәландыруға тиiстi осындай куәлiктi қоспағанда, кеме құжаттары кемеде түпнұсқа түрiнде болуға тиiс.  

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесiп өтуге байланысты жүзуді жүзеге асыратын, Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында тiркелген кемеде, оның ішінде шағын көлемді кемеде осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс. 

4. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi, iшкi су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кемеде Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс.  

5. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi әрi Қазақстан Республикасының портына кiрушi немесе iшкi су жолдарымен жүзiп өтушi кеменiң кеме құжаттарын тану Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...103

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться