Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы
10-2-бап. Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылық қолбасшысы



Ст. 10-2 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы



Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылық қолбасшысы:

өңiрлiк қолбасшылықтың бағынысты құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң тұрақты жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiн ұстап тұрады;

әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк қызметiне, жедел және жауынгерлiк даярлығына, озық тәжiрибенi енгiзуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасауға басшылық етедi;

бұйрықтар мен өкiмдер шығарады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылығы құрамына кiретiн құрамалар мен әскери бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiнiң әскери қызметтi өткеру мәселелерiн шешедi;

қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, кезектi әскери атақтар бередi, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, келiсiмшарт бойынша капитанды қоса алғанға дейiнгi әскери қызметшiлердi запасқа немесе отставкаға шығарады және Iшкi әскерлер Бас қолбасшысына офицерлiк құрамның әскери атақтарын төмендету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

 Ескерту. 2-бөлiм 10-2-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.  

Статья 1 ...10 10-1 10-2 11 12 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-2-бап Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы