Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы
11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың,  астананың жергiлiктi атқарушы органдары



Ст. 11 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы



Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:

- өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағынысты аумақта Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылықтарын, құрамаларын, әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн құру мен орналастыру жөнiндегi Iшкi iстер министрiнiң ұсыныстарын қарауға қатысады;

- Iшкi әскерлердiң тiршiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасайды, Iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi мен олардың үйелмен мүшелерiнiң хұқылық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес офицерлерге және келiсiм-шарт бойынша әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлерге тұрғын үй бөледi;

- Iшкi әскерлердiң өңiрлiк қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Iшкi әскерлерге әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда жәрдем көрсетедi;

- осы аумақтағы қоғамдық тәртiптi қорғауды тiкелей жүзеге асыратын Iшкi әскерлер бөлiмшелерiне материалдық-техникалық көмек көрсетуге құқығы бар;

- жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.12.21 N 2708 заң күшi бар Жарлығымен, ҚР 2001.06.11 N 208, 2001.12.24 N 274, 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2013.01.15 N 69-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...10-1 10-2 11 12 13 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 11-бап Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы